KZ RU

Португал қызы Димаштың әнін орындады

Португал қызы Лара Алейхо қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Ұмытылмас күн" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Бұл туралы Димаш Инстагармдағы парақшасында жазды. 


"Португалияның жас талантты әншісі. Қазақша ән айтқан жарасады екен. @larahaleixo үлкен әлемдік танымал жұлдыз болыңыз! Сізге сәттілік тілеймін!", - дейді Димаш. 


Желі қолданушылары да өзге ұлттың әншісін қазақ тілінде сөйлеткен Димашқа ризашылықтарын білдіруде.


"Керемет! Қазақ тілінде өлең айтуы Димаш Алтыным ол сенің жетістігің! Сен арқылы әлем халқы қазақты танып жатыр, саған деген, сенің өнеріңе деген шексіз махабаттары әлем халқтарының басын қосып жатыр! Бұл сенің қазақ елі үшін қосқан үлкен үлесің Алтыным!", - деп жазды Толқын есімді жанкүйер. 

Пайдалы кеңес