Қырғызстанда аттылы ер адам сауда орталығына кіріп кеткен. Бұл туралы «24. Кg» жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.
Куәгерлер әлеуметтік желіде сауда орталығына атқа мінген ер адамның кіріп кеткені түсірілген видеоны жариялады.
Видеодан көрінгендей, ер адам аттан түспей сауда үйіне кірмекші болған. Бірақ, аттылы ер адам есіктен кірген бетте алдынан күзетші шығып, оның әрі қарай өтуіне бөгет жасаған.