Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстары тәулік бойы екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Күн сайын дезинфекцияға 500-ден астам адам шығады. Қалалық қызметтермен бірге дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады, деп хабарлайды ELnews.kz.
Дезинфекция жұмыстары жеке секторды да қамтиды. 2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделіп жатыр. Қалада жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары - қоршауларды, металл құрылымдарды, жолдарды жуу - дезинфекция жұмыстарына көмектесуде.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес карантин кезінде жұмыс атқарып жатқан коммуналдық қызметкерлер сыйақы алады. 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің айлығы өсті, сыйақы берілді.