Әкімдік қала тұрғындарына Telegram әлеуметтік желісіндегі @smartastana_bot арқылы нақты уақыт режимінде өзінің сайлау учаскесі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Сонымен қатар, өз сайлау учаскеңізді Бірыңғай байланыс орталығындағы "Қалалық қызметтер" бөлімінде Smart Astana мобильдік қосымшасы, Астана әкімдігінің сайты арқылы, сондай-ақ 24/7 режимінде 109 телефоны арқылы білуге болады. Maps.astana.kz порталынан сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтарын қаланың электрондық картасы бойынша, сондай-ақ Whatsapp және Instagram арқылы сайлаушының мекенжай деректерін (көше, үй) енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада 304 сайлау учаскесі тіркелген, оның 239-ы жергілікті жерлерде және 65-і шет елдерде, өкілдіктерде, елшіліктерде және консулдықтарда орналасқан.