KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір атағын алып қойды

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Elnews.kz.

 

«Үш апта бұрын біз регламентті қайта қараған кезде «Құрметті сенатор» атағын алып тастаған едік. Мұндай шешім қабылдауымыздың себебі - маусым айында өткен референдумда бүкіл халқымыздың дауыс беруі, оның барысында Конституциядан Тұңғыш Президент - Елбасы туралы нормалар алынып тасталды. Бұл халықтың шешімі», деп түсіндірді МәуленӘшімбаев.

Сонымен қатар ол бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы бір адамға ғана берілгенін атап өтті.


- «Құрметті сенатор» атағы енді заңда жоқ. Бірден айтайын, Сенат регламентіне өзгерістер енгізілді.  Бұған дейін бұл атақ тек бір адамға берілген. Қазір мұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені қазір бұған заңды негіз жоқ», - деп түсіндірді ол.

Еске салакетейік, осыған дейін «Елбасы туралы» заң күші жойылғанын хабарлаған болатынбыз. 


Пайдалы кеңес