Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.
"Рахат", "31 арна", "Хабар" арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет еткен.
Ұлттық арнадағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларының жүргізушісі болған. Соңғы жылдары "Жетісу" телеарнасының директоры қызметін атқарды.
Соңғы бір жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп, ауырып жүрді.
Әріптесіміздің отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.