Түркияда қазақстандық қыз жартастан құлап кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz
Оқиға Антальяның ұлттық саябағында болған. Бұл туралы қыздың құрбысы Ольга Кравчук айтты. Ол Түркияда 5 жылдай гид болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта қайтыс болған қыздың жақындары мен туыстары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін ақша жинап жатыр.
Олардың айтуынша, денені жеткізу үшін 900 мың теңге керек. Бірақ басты проблема мәйітті Алматыдан Қостанайға жеткізу дейді. Ол үшін тағы 400 мың теңге керек екен.