KZ RU

Әнші Ернар Айдар: Жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым

Әнші Ернар Айдар алаяқтарға алданып қалғанын айтып берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданғанын жариялады.


"Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Баршаңызға Ораза қабыл болсын! Бүгін ғана міне, телефонымды қолыма алдым. Қарап жатырмын. Біріншіден, мен үшін уайымдап, қолдауын көрсетіп, тілекші болып жатқан барша жанға, барша ағайынға алғысымды білдіремін. Және осы істің ақ-қарасын білмей, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Осы ойынды ұйымдастырған ұйымдастырушылардың барлығы қамауда. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеу жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін. Барлығы әділ өтеді деген сенімдемін", - дейді Ернар Айдар.



Еске сала кетейік, жақында әнші Ернар Айдар заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын.



Пайдалы кеңес