Birgemiz қорынан төленетін төлемдер жеті санаттағы азаматтарға тиесілі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз» акциясы аясында 28 073 адам қамтылатын көмектің екінші кезеңі басталды.
Атап айтқанда, азаматтардың жеті санаты 50 мың теңге көлемінде көмек алады. Олар АӘК алатын аз қамтылған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар зейнеткерлер, жетім балалар, соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, сондай-ақ қарауында мүгедек балалары бар отбасылар және тыл еңбеккерлері.
«Біз біргеміз» акциясы аясында көмектің алғашқы толқыны барысында елорданың 14 478 тұрғыны 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік себеттерін алуға өтінімді партияның қоғамдық қабылдауы арқылы беруге болады.