Елордада тағы бір адам індеттен көз жұмды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Жаңа ғана сағат 10.40-та тағы бір азамат көз жұмды. Ол Ресей азаматы екені туралы ақпарат түсті. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді ол онлайн брифингте.
Көз жұмған әйел 64 жаста. 15 сәуірде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауруханаға түскен кезден бастап ауырлаған.
"Жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды. Коронавирустан бөлек, екіжақты полисегмантарлы пневмониямен, қант диабетімен ауырған", - деп атап өтті Мәкен.
Пациент клиникалық диагностика хаттамасына сәйкес ем алған.
Осылайша, Қазақстанда індеттен қайтыс болғандардың саны 23 адамға жетті: