KZ RU

Галкин: Ержан Максимнің табиғи, керемет дауысы таңғалдырды

Қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" байқауында екінші орын алды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Финалда Ержан Максим сахнаға Димаш Құдайберген орындап жүрген "All by Myself-ті" әнімен шығып, көрермендерді таңғалдырды. 


Сондай-ақ, қазақстандық әнші бала Меладзенің командасындағы балалардан арасынан озып шығып, финалдың екінші кезеңіне өткен болатын. Ол жерде Ержан Димаштың "Adagio" әнін орындады.


Теле-байқау мәресіне жетіп, нәтижесінде атақты әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда қазақстандық жас талант Ержан Максимнің жанкүйерлері қазақ баласы жеңіске әбден лайық болғанын айтып, әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіруде. Тіпті, олардың арасында танымал ресейлік шоумен, тележүргізуші Максим Галкин де бар.


Максим Галкин Ержанның әнді керемет дауысымен таза орындап, көрермендердің жүргін жаулап алғанын айтты. 


"Мені Ержан Максимнің әнді орындауы таңғалдырды. Фантастикалық, табиғи, керемет дауыс. Мен балаларымды енді ешқашан мұндай жарыстарға қатыстырмауға тырысамын. Себебі ол өте ауыр, әсіресе әділетсіз болғанда", - деді Галкин.

          
          

Пайдалы кеңес