Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Үшемнің анасы Жанар Анарбаева он сегіз жаста, өзі студент. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны.
«Былтыр ғана ақ босаға аттап, келін атанған жас келіншек Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкелді. Облыстық №1 перинаталды орталықта ай күніне жетпей туған сәбилердің жағдайы қазір жақсы», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында бес үшем дүниеге келсе, бір жылда туған сәбилер саны 55 мыңнан асқан.